Дзюдодан соңғы Grand Slam жарысы Астанада өтеді

О Сансызбай Корреспондент
Дзюдодан соңғы Grand Slam жарысы Астанада өтеді

Астанада дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді. Бұл Париж Олимпиадасына ұпай беретін соңғы рейтингілік турнир болмақ, - деп хабарлайды ҚР ҰОК.

БӨЛІСУ

Әлемнің кіл мықтыларын жинайтын бұл бәсеке Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Бүгінгі күнге жарысқа 60-тан астам елдің, соның ішінде әлемдік рейтинг көшбасшылары Жапония, Оңтүстік Корея, Франция мемлекеттерінің спортшылары тіркелген.

Естеріңізге сала кетсек, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.

Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) екі жақты келісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды. 

Qazaqstan Barysy Grand Slam тікелей көрсетілімі Qazsport телеарнасында өтеді.

Жарыс бағдарламасы:

10 мамыр

Әйелдер: -48 кг, -52 кг, -57 кг

Ерлер: -60 кг, -66 кг

11 мамыр

Әйелдер: -63 кг, -70 кг

Ерлер: -73 кг, -81 кг

12 мамыр

Әйелдер: -78 кг, +78 кг

Ерлер: -90 кг, -100 кг, +100 кг