Франция президенті жолдастық ойында қарсыласын шалып жықты

О Сансызбай Корреспондент

Франция мемлекетінің басшысы Эмманюэль Макрон футболдан қайырымдылық матчына қатысты. Ойын кезінде қарсылас команда ойыншысын шалып жығып, жанкүйерлерден ескерту алды. 

БӨЛІСУ

Қайырымдылық матч Плезирдегі "Бернар Жиру" алаңында өтті. Макрон өзін алдап кеткен Сенегал құрамасының бұрынғы ойыншысы Эль-Хаджи Диуфты шалып тоқтатты. 

Ойында Франция президенті ойнаған команда 5:3 есебімен жеңіске жетті. Саясаткер ойында пенальтиден гол соқты. Сондай-ақ ойынға Франция құрамасының бас жаттықтырушысы Дидье Дешам, "Арсеналдың" бұрынғы бапкері Арсен Венгер, Эден Азар, Дидье Дрогба сынды футболшылар қатысты. 

Айта кетейік, Эмманюэль Макрон өткен жылдың қараша айында Қазақстанға ресми іс-сапармен келіп кеткен болатын.