Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA 1000 - Mutua Madrid Open турнирін сәтті бастады. Ол екінші айналымда италиялық Лючия Бронцеттиді ұтты, - деп хабарлайды Msports.kz.
БӨЛІСУ
1 сағат 15 минутқа созылған ойында Елена қарсыласын 6:4 және 6:3 есебімен ұтып шықты. Келесі кезеңде ол Марта Костюк (№21, Украина) - Майар Шериф (№72, Мысыр) арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.
Елена Рыбакина жыл басынан бері үш чемпиондық атақ жеңіп алды. Брисбен, Абу-Даби және Штутгарттағы жарыстарда топ жарды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!