![Финалға бір қадам! Қазақстандық Данилина Португалиядағы турнирдің жартылай финалына жетті](/userdata/news/news_106143/image_l.png)
Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сынында Португалияның Ойраеште қаласында өтіп жатқан ITF турнирдің жартылай финалына өтті.
БӨЛІСУ
Нидерланды теннисшісі Бибиана Схоофспен бірге Данилина ширек финалда португалиялық Ана-Филипа Сантос пен испаниялық Люсия Кортез Йоркты бір сағаттан сәл астам уақытта 6:3, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.
Данилина мен Схоофстың жартылай финалдағы қарсыластары кейінірек белгілі болады.