ММА-дағы шу: атышулы қазақ пен жеңілмеген қырғыз жекпе-жекке бір күн қалғанда төбелесіп қалды

Manas Корреспондент
ММА-дағы шу: атышулы қазақ пен жеңілмеген қырғыз жекпе-жекке бір күн қалғанда төбелесіп қалды
Фото ©️ Видеодан кадр

Қазақстандық файтер Әнуарбек Бекембетов қырғызстандық спортшы Марсель Нурланбек улуу (12-0) жекпе-жек алдында жаға ұстасып қалды.

БӨЛІСУ

Әлеуметтік желіде шекісіп қалғаннан кейін 38 жастағы қазақстандық файтер Нурланбек улуу тоқтаған қонақүйге барады. Сол жерде Бекембетов қырғыз спортшыны "қорқақсың" деп айыптап, жекпе-жектен қашып жүргенін айтады.

Ал 26 жастағы Марсель қазақстандыққа "тым көп сөйлейсің" деп, қонақүйге кел деген екен. Осыдан кейінгі оқиғаның видеосын Бекембетов әлеуметтік желіде жариялады.

"Мен оған келмейді деп ойлады, ал мен келдім де жасайтынымды жасадым! Келесіде телефонмен бұлай сөйлемей-ақ қой, щегол", - деп жазыпты Әнуарбек видеоның астына.

Жұма, 26 сәуір Алматыда NAIZA 59 турнирі өтеді. Міне осы кеште қазақ пен қырғыз спортшылар кім мықты екенін анықтайды. 

Қырғыз файтер карьерасындағы 12 жекпе-жектің бәрінде жеңген. Тіпті оның он бірінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. 

Ал Әнурабек әзірге трешток арқылы ғана танымал. ММА-де ол бір рет төрешілердің бөлек шешімімен жеңіп, екінші жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіліп қалған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Anuarbek MOTIVATOR Bekembetov (@anuarbekmotivator)