Хоккейден әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың кеңейтілген тізімі жарияланды

О Сансызбай Корреспондент
Хоккейден әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың кеңейтілген тізімі жарияланды
Фото ©️ icehockey.kz

Хоккейден Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы әлем чемпионатына баратын құраманың кеңейтілген тізімін жариялады. Тізімге 38 хоккейші енген, - деп хабарлайды msports.kz.

БӨЛІСУ

Қазақстан құрамасына шақырту алған хоккейшілер: 

Қақпашылар: Джелал-Ад-Дин Амирбеков ("Номад", Астана), Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі де - "Барыс", Астана), Сергей Кудрявцев ("Арлан", Көкшетау)

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамирлан Гайтамиров (бәрі - "Барыс", Астана), Данил Бутенко, Мади Диханбек, Кирилл Никитин, Хакназар Кенесбай, Артем Королев (бәрі – "Номад", Астана), Дмитрий Бреус ("Чайка", Нижний Новгород), Леонид Метальников ("Адмирал", Владивосток), Валерий Орехов ("Металлург", Магнитогорск), Кирилл Полохов ("Арлан", Көкшетау)

Шабуылшылар: Станислав Александров, Олег Бойко, Абай Мангисбаев, Николай Шульга (бәрі – "Номад", Астана), Алихан Асетов, Динмухамед Кайыржан, Батырлан Муратов, Максим Мусоров, Алихан Омирбеков, Руслан Оспанов, Михаил Рахманов, Евгений Рымарев, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков, Роман Старченко, Александр Борисевич, Ансар Шайхмедденов (бәрі – "Барыс"), Дмитрий Гренц, Артем Лихотников (екеуі де – "Арлан", Көкшетау), Никита Михайлис, Максим Мухаметов (екеуі де– "Металлург", Магнитогорск), Кирилл Панюков ("Амур", Хабаровск)

Қазіргі таңда құрама Астана қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Әлем чемпионатына дайындық барысында Ресей және Беларусь құрамаларымен жолдастық ойын өткізеді. Сондай-аө Чехияда Ұлыбритания құрамасымен де жолдастық кездесу жоспарланған. 

Ұлттық құраманың соңғы тізіміне 25 хоккейші енеді. Ал әлем чемпионаты 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острова қалаларында өтеді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз