UFC Макгрегордың жекпе-жегі мен қарсыласын ресми түрде жариялады

UFC Макгрегордың жекпе-жегі мен қарсыласын ресми түрде жариялады
Фото ©️ ©️ufc

UFC ұйымы ирландиялық спортшы Конор Макгрегордың жекпе-жегі мен қарсыласын ресми түрде жариялады. Жартылай және жартылай жеңіл салмақта промоушен чемпионы болған Конор Макгрегор үш жылдан бері октагонға шықпаған еді, - деп жазады msports.kz. 

БӨЛІСУ

Конор Макгрегор 30 маусым күні Лас-Вегаста өтетін кеште (UFC 303) америкалық Майкл Чендлермен шайқасады. Спортшы оңғы рет Дастин Порьеге қарсы жекпе-жегінде аяғын сындырып алып, шайқасты техникалық нокаутпен аяқтаған болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от UFC (@ufc)

UFC (Ultimate Fighting Championship) –  аралас жекпе-жектен әлемдегі ең беделді әрі танымал спорттық ұйым. Бас кеңсесі АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында орналасқан. Бүгінде UFC-дің кез-келген жекпе-жек кеші әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген телеарналар арқылы миллиондаған жанкүйер жинайтын ауқымды шараға айналған. Кәсіпқой ережесіз жекпе-жек шеберлері осы ұйым аясында бақ сынауды мақсат тұтады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз