Ұлттық құрамада жұдырықтасқан боксшы кәсіпқойға ауысты

О Сансызбай Корреспондент
Ұлттық құрамада жұдырықтасқан боксшы кәсіпқойға ауысты
Фото ©️ @instagram.com/drs_kz

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 63,5 кило салмақта жұдырықтасқан Санатәлі Төлтаев кәсіпқой боксқа ауысты, - деп хабарлайды SPORT+

БӨЛІСУ

Алдағы жоспарым – кәсіпқой боксқа ауысу. Алланың қалауымен бұл деңгейдегі дебютімді мамыр айында өткіземін. Негізі Белградта өткен Әлем чемпионатынан кейін ауысамын деген ой болған, бірақ менің бапкерім алдымен Олимпиадада бағымызды сынап көрейік деген еді. Содан кейін шешімді асықпай қабылдармыз деген келісім болды. Енді қазір менің салмағымдағы лицензияға басқа боксшы таласатын болғандықтан, мен кәсіпқой боксқа ауысуды шештім. Қандай бокс кешінде, қарсылас кім болады – оның бәрін алдағы уақытта жария етеміз, - деді боксшы.

Санатәлі Төлтаев 2021 жылы (Белград, Сербия) және 2023 жылы (Ташкент, Өзбекстан) өткен бокстан екі Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасында өнер көрсетті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!