"Интер" 20-шы рет Италия чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент
"Интер" 20-шы рет Италия чемпионы атанды
Фото ©️ © "Интер" ФК

Футболдан Италия чемпионатының биылғы чемпионы уақытынан бұрын анықталды. "Интер" өз тарихында 20-шы рет чемпиондық атаққа қол жеткізді. 

БӨЛІСУ

33-турда Симоне Индзаги шәкірттері "Миланмен" кездесті. "Сан Сиро" алаңында өткен миландық дербиде 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ойында командаға жеңіс сыйлаған голдарды Франческо Ачерби мен Маркус Тюрам соқты. "Миланның" бір голын Фикайо Томари өз еншісіне жазды. 

Ойын соңында екі команда ойыншылары қақтығысып, "Милан" сапынан Тео Эрнандес пен Давид Калабрия алаңнан қуылды. "Интер" сапынан Дензел Дамфрис ойынды уақытынан ерте аяқтады. 

Симеоне Индзаги жаттықтырушы ретінде алғаш рет Италия чемпионы атанды. "Интерді" 2021 жылдан бері жаттықтырып келеді. Екі рет Италия кубогын (2022, 2023), үш рет Суперкубогын (2021, 2022, 2023) жеңіп алды. Оған дейін "Лацио" командасымен де Италия кубогы (2019) мен Суперкубогын (2017,2019) иеленген еді. 

Өткен жылы Италия чемпионатында Неапольдың "Наполи" командасы жеңімпаз атанған болатын. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!