Қазақстандық гимнасшы Challenge Cup турнирінде топ жарды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық гимнасшы Challenge Cup турнирінде топ жарды
Фото ©️ olympic.kz

Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup санатындағы кезекті турнир өтіп жатыр. Аталған сында қазақстандық  Ілияс Азизов көзге түсті, – деп хабарлайды ҚР ҰОК.

БӨЛІСУ

Еркін жаттығуда Азизов 14.200 ұпаймен күміс жүлдегер атанды. Бұл бәсекеде алтын медальді Украина, қоланы Болгагия атлеті иеленген. 

Ал гимнастикалық ат снаряданда Ілияс 14.600 ұпаймен көш бастап, алтын медаль жеңіп алды. 

Айта кетелік, бұл Ілияс Азизовтың халықаралық турнирлердегі көптен күткен жеңісі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!