Қазақстанның ең үздік әуесқой боксшылары анықталды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстанның ең үздік әуесқой боксшылары анықталды
Фото ©️ olympic.kz

BoxRec.com порталы әуесқой боксшылардың жаңарған рейтингін жариялады. Олардың арасында 51 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын Сәкен Бибосынов көш бастады. 

БӨЛІСУ

Мырзағали Айтжанов шәкірті жуырда ғана Италияда өткен лицензиялық жарыста Олимпиада жолдамасын иеленіп келді. Сәкен Токио Олимпидасының қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионы, 2019 жылғы әлем чемпионатында қола алған. 

Рейтингте екінші орынға құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кило) орналасқан. Оның нәтижесі 99-20 рекордымен тіркелген. Ол қазір әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионы. 

Үздік үштікті Махмұд Сабырхан (66-8) түйіндеп тұр. 57 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз әлем чемпионы атағына ие. 

Рейтингте алғашқы ондыққа Нұрбек Оралбай (56-14), Серік Теміржанов (49-21), Санжар Тәшкенбай (38-6), Дулат Бекбауов (38-15), Айбек Оралбай (53-7), Ертуған Зейнуллинов (31-13) және Бекзад Нұрдәулетов (51-15) енген. 

Айта кетейік, қазақ боксшылары 63,5 килодан өзге салмақтарда Олимпиада жолдамасын еншілеп үлгерді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!