10 жасар қазақстандық әлемді бағындырды

10 жасар қазақстандық әлемді бағындырды

10 жасар қазақстандық спортшы Теймур Алхазов Лас-Вегаста (АҚШ) каратэден өткен турнирде алтын медальға ие болды.

БӨЛІСУ

Теймур бұл спортпен бес жылдан бері айналысып келе жатыр екен. Дарынды спортшының алғашқы ұстазы Ақтау қаласындағы "Волна" спорт кешенінің жаттықтырушысы Александр Гаплевский. Кейін Теймур спорт шебері Максим Медимовтың бақылауына өткен.

dfg

Сол кезден бері спортшы бірнеше ауданаралық, халықаралық сайыстардың жеңімпазы атанып үлгерді.

"Бұл жігіт өте талантты спортшы. Осы қалпынан таймаса, болашақта көп шыңдарды бағындырары анық. Бастысы - жеңістерге ұмтылу және талмай еңбек ету", - деп сұхбат берді каратэ-додан Ақтау қаласының бас жаттықтырушысы Әлихан Тухаев. Оның айтуынша, балалар спортын дамыту ел денсаулығы үшін өте мыңызды қадам. Осы тұрғыда балалар каратэсы жасөспірімдердің мықты, мобильді болуына оң әсер етеді.

"Психология мен тәрбие беру тұрғысынан назар салып қарасақ, каратэ баланы тәртіпке, еңбекке, мақсат қоюға және оған ұмтылуға баулиды", - деп сөзін түйіндеді шебер.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет:  ©Геннадий ВОЛЬСКИЙ