Садриддин Ахмедов мексикалық боксшымен жұдырықтасады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
 Садриддин Ахмедов мексикалық боксшымен жұдырықтасады

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовтің (15-0, 13 КО) қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды massaget.kz сайты. 

БӨЛІСУ

BoxRec.com ақпараты бойынша отандасымыз 19 сәуір күні мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6, 16 КО) жұдырықтасады. Промоутер Том Леффлер ұйымдастыратын бокс кеші Коммерсте (АҚШ, Калифорния штаты) өтеді.

Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Садриддин бұған дейінгі жекпе-жегін 13 желтоқсан күні Калифорнияда өткізіп, америкалық Рафаэль Игбоквені (17-6, 7 КО) жетінші раундта нокаутпен жеңіп шыққан болатын.

Элиас Эспадас та желтоқсанда жекпе-жекке шыққан. Рамон Барахас (14-40, 4 КО) есімді боксшыны екінші раундта нокаутпен жеңген.