Мұхаммед Әли. Барлық замандардың үздік боксшысы. Аса ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы.
Атақты былғары қолғап шебері жуырда 70 жасқа толды. Спорттық ғұмырында қаншама қиындықтар көрген Әли үстіміздегі жылдан бастап, кітап жазуға кірісті. Сол кітапта оқырмандарына айтқан жеті кеңестің қысқаша нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.
1. Шыдамдылық.
Мен жаттығудың әр минутын жек көрдім, бірақ өзіме: «Берілме. Қазір шыдап бақ, сосын кейінгі өміріңді чемпион сияқты өткіз»- дедім.
Қазір шыда, өзіңе беретін бағаң жоғары болсын, ол оны ақтайды. Табыс үшін баға жеңіліс үшін берілетін бағадан әлдеқайда төмен. Ұзақ мерзімді табыс үшін сәтсіздіктеріңізге қарағанда аз төлейсіз, қазір төлеп, ал қалған уақытта чемпион ретінде өмір сүріңіз.
2. Армандаңыз, қиялдаңыз, елестетіңіз.
«Чемпион спортзалда чемпион атағын алмайды. Чемпиондық әу баста арман, қиял секілді нәрселерден басталады».
Сіздің жеңіске деген ынтаңыз бар ма? Сізді мақсаттарыңыз үшін таңертең тұруға септігін тигізетін не нәрсе? Ол, әрине – арман. Әрбір чемпион арман-қиялдарының арқасында жетістікке жетеді. Чемпиондар мақсатына жетпегенше ешқашан тоқтап қалмайды, олар тоқтай алмайды! Сондықтан да сіз де өз арманыңызға жеткенше тоқтамаңыз!
3. Өзіңізді сендіріңіз.
«Ешкім Мұхаммед Әлиді жеңе алмайды!»
«Өз-өзіңізге сенгеніз әрқашанда дұрыс. Сенім үлкен күш-қуат болып, ойлаған нәрселеріңіз іске асады». Біреу сендіргенді күтпеңіз, өз-өзіңізді сендіріңіз. Әли әр кездесуінің алдында дәл солай істейтін.
4. Өзгеріс.
«Адам жиырма жасындағы көзқараспен елу жаста да қараса, онда ол өз өмірінің отыз жылын жоғалтады».
Сіздер өзгеру керексіздер. «Өзгеріс» жиі жаман абыройды иеленеді. Егер сізді бір жыл көрмеген адам кездестіріп, «сен өзгеріпсің» десе, сіз «рақмет» деп жауап қайтарыңыз. Өмірде барлық нәрсе өзгеріске ұшырайды, өседі, жетіледі. Сіз де өзгеріңіз!
5. Өз мүмкіндіктеріңізді пайдалана біліңіз.
«Қиялы жоқ адам - қанатсыз құс».
Біздің қанатымыз бар – ол біздің қиял. Сондықтан да барлық мүмкіндіктеріңізді дұрыс пайдалана біліңіз! «Менің қолымнан мынау тірлік келмейді деп атай көрмеңіз. Керісінше, менің қолымнан бұл іс келеді деп өз-өзіңізді қанаттандырыңыз. Сонда ғана тірлігіңіз алға басады», - дейді Әли.
6. Алдыңызға мақсат қоя біліңіз.
«Мені алға сүйретін тек – менің мақсаттарым».
Сіздер әр күн сайын алдарыңызға мақсат, жоспар жасау керексіздер. Оларды әр күн қиялдау қажет. Мақсат – сіздерді алға жетелеп тұрады.
7. Табысқа дайындал.
«Батырдың жолы - жаттығу залында, жеңіспен немесе жеңіліспен басталған».
Армандарыңыздың басым көпшілігі орындалғанда – табысты болуға дайындалыңыз. «Мен өмірде көптеген адамды көрдім. Бір кісінің жолы бірден ашылып, пәленбай ақшаның астына бір сәтте-ақ кенеледі. Бірақ, ол мұнша ақшамен жұмыс істеп көрмеген. Арада жарты жыл өтпей жатып, бұл кісі бірден тоқырауға ұшарады», - дейді боксшы. Бұл жерде менің не айтқым келіп тұрғанын түсінген шығарсыздар. Ерте кезден бастап табысты азамат болуға бейімделіңіздер...
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет: budoman.ru