Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBO/IBF бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) 4 қазан күні шаршы алаңға шығатын болды. Бұл туралы жекпе-жекті өткізу құқығына ие болған No Limit Boxing компаниясы хабарлады, - деп жазады msports.kz.
Жәнібек пен жаңазеландиялық Андрей Михайлович (21-0, 13 KO) арасындағы жекпе-жек АҚШ-та өтеді деп күтілген. Алайда ұйымдастырушы тарап жасыл құрлықтағы елді таңдаған.
Екі боксшы шілде айында жұдырықтасуы керек болған. Өкінішке қарай, қазақстандық боксшы салмақ қуу кезінде есінен танып, ауруханаға түсіп қалған болатын. Нәтижесінде, жекпе-жек кейінге шегерілген еді.
Сиднейде Жәнібектің IBF чемпиондық белбеуі тігіледі. АҚШ-та жекпе-жекті ESPN+ телеарнасы көрсетеді.