Ресей жерінде жалауын көтерген Әлем біріншілігі жанкүйер қауымның жанарын жаулап алғаны сөзсіз.Ғаламдық доданың топтық кезеңі аяқталып, плей-кезеңінің көрігі қызып жатыр. Анығын айтқанда Әлем біріншілігі бел ортасынан ауып кетті. Алда бар болғаны сегіз матч қана қалды.
Кеше ширек финалдық кездесулер басталды. Бұл кезеңнің шымылдық түрер ойынында Уругвай мен Франция құрамалары кездесіп, еуропалық команда келесі кезеңге шықты. Ал одан кейін өткен Бельгия мен Бразилия кездесуінде де оңтүстік америкалықтардың жолы болмады. Осылайша биылғы жартылай финалға тек еуропалық құрамалар жолдама алды.
Ал бүгін Швеция мен Англия құрамалары күш сынасады. Биыл фавориттердің жолы болмаған жыл болды. Германия бастап, Испания, Бразилия қостап ертерек елдеріне қайтты. Дәл қазір әлем чемпионы атағына қол жеткізген екі команда ғана қалды. Бірі кеше жартылай финалға жолдама алған Франция. Енді бірі бүгін бақ сынайтын Англия. Ендеше Харри Кейн бастаған жігіттер де француздар салған жолмен келесі кезеңге өтуге тырысады.
Болжам: Англия (1.5) көп - 2.44 коэфицент.
Дереккөз:prosports.kz/kz