Хабибтің әкесі коронавирус жұқтырған

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
Тұрсынбек Раушанұлы>
 Хабибтің әкесі коронавирус жұқтырған
Фото ©️ vk.com

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі һәм жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедов коронавирус жұқтырған, - деп хабарлайды tengrinews.kz  Baza Telegram арнасына сілтеме жасап.

БӨЛІСУ

Абдулманап Нургмагомедов 24 сәуірде Махачкала ауруханасына жеткізілген. Оған вирустық пневмония диагнозы қойылды, бірақ алғашқы күндері ол өзін жақсы сезінген. Дәрігерлер оған төсектен тұрмай жатуды айтқанымен ол керісінше жаттығу жасаған.

Хабибті әкесі қалай тәрбиелеген?

Содан кейін оның жағдайы біршама нашарлап, реанимацияға ауыстырылған. Дәрігерлер Абдулманаптың коронавирус сынағын тапсырудан бас тартқанын айтады.

Мамырдың басында Хабибтің әкесінің жағдайы жақсармағасын туыстары оны Мәскеуге жіберуге шешім қабылдаған. Нурмагомедовтың өзі Махачкала ауруханасында қалғысы келген. Бірақ  тыныс алу жетіспеушілігіне көмектесетін ECMO аппараты болмаған.

Соған қарамастан 2 мамырда Хабиб әкесін Мәскеудегі ауруханаға апарған. Ол жерде Абдулманаптың коронавирус жұқтырғаны анықталған.

"Абдулманаптың жағдайы өте нашар, комада. Ол Мәскеудегі әскери госпитальда. Туыстарының баруына рұқсат жоқ" , - деп хабарлаған Дағыстан басылымдары.

Хабибтің әкесінің сауығып кетуін қолдап ирландиялық ережесіз жекпе жек шебері Конор МакГрегор тілек білдірді.

"Мен Абдулманап Нурмагомедовтің сауығып кетуін сұрап дұға етемін. Ол күрестің барлық түрлерінен әлем чемпиондарын ең  көп дайындаған данышпан бапкер. Бұл жаңалыққа қамығып отырмын", - деп жазды МакГрегор Twitter-де.