Бокстан құраманың бас бапкері ӘЧ-ден кейін мәлімдеме жасады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Жансая Қадыржанова>
 Бокстан құраманың бас бапкері ӘЧ-ден кейін мәлімдеме жасады
Фото ©️ ©Kazakhstan Boxing Federation

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Лос-Анджелесте 2028 жылы өтетін Олимпиада ойындарына дайындық туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Қазақстандық құрама Сайдалиннің жетекшілігімен Сербияда өткен әлем чемпионатында үш алтын, екі күміс және бір қоламен жалпы командалық есепте екінші болды. 

Маман төрт жылдықтың ең үлкен сайысына қатысты пікір білдірді.

"2028 жылғы Олимпиадаға дайындықты бастап кеттік. Әртүрлі құраммен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Бұл болашақ Олимпиадаға әр жас санатынан үміткерлер болатынын білдіреді. Жас спортшылар тәжірибелі боксшылардан үйренсе, тәжірибелі спортшылар жастардың талпынысынан шабыт алады. Бұл команданың жалпы деңгейіне оң әсерін тигізеді.

Спортшылар мен жаттықтырушылардың ынтасы мен талпынысы өте жоғары. Маусымды жақсы қарқында бастап, 2025 жыл жемісті болады деп үміттенеміз," – деген Сайдалиннің сөзін Olympic.kz берді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!