Аустралия құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
 Аустралия құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды
Фото ©️ vk.com

Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына қатысатын тағы бір құрама белгілі болды. Ол – Аустралия құрамасы.

БӨЛІСУ

Жасыл құрлықтың футболшылары әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне қосымша жолдама арқылы қол жеткізді. Бұл жолдамаға олар Гондурас құрамасымен таласты.

Қос құрама арасындағы бірінші ойында 0:0 есебі тіркелген еді. Бүгін Сиднейде өткен кездесуде алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы 4 гол да екінші таймда соғылды. Аустралия құрамасы сапынан ағылшынның "Астон Вилла" командасында ойнайтын жартылай қорғаушы Майкл (Миле) Единак хет-трик жасады. Ал Гондурастың бір голын Альберто Элис өз еншісіне жазды.

Аустралия құрамасы әлем чемпионатына төртінші рет қатарынан жолдама алып отыр.

Аустралия – Гондурас – 3:1 (0:0)

Голдар: Единак, 54 (1:0). Единак, 72 - с пенальти (2:0). Единак, 85 - с пенальти (3:0). М.Фигероа, 90+4 (3:1). 

Аустралия: Райан, Сэйнсбери, Джерман, Райт, Леки, Единак, Миллиган (Троиси, 89), Муй, Рогич (Крус, 77), Бехич, Кэйхилл (Юрич, 66).

Гондурас: Эскобер, Бекелес, М.Фигероа, Исагирре (Э.Фигероа, 42. Мартинес, 73), Паласиос, Альварадо, Элис, Кларос, Акоста, Киото (Э.Эрнандес, 75), Лосано.

Ескертулер: Джерман, 2. М.Фигероа, 19. Муй, 45+2. Кларос, 57. Леки, 81. Паласиос, 84. Сэйнсбери, 88. 

Бас төреші: Питана (Аргентина).

15 қараша. Сидней. Стадион Stadium Australia (ANZ Stadium).

Айта кетейік, қазіргі таңда әлем чемпионатына жолдама алған 31 құрама белгілі. 16 қараша күні таңда Перу мен Жаңа Зеландия құрамалары соңғы жолдаманы өзара сарапқа салады. Бірінші ойында екі құрама 0:0 есебімен тең түскен болатын.

Әлем чемпионатының жеребе тастау рәсімі 1 желтоқсан күні Мәскеуде өтеді.