Заңы – қатал! Жапон спортшысы темекі шеккені үшін Олимпиадаға қатыстырылмайтын болды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Заңы – қатал! Жапон спортшысы темекі шеккені үшін Олимпиадаға қатыстырылмайтын болды
Фото ©️ AP

Спорттық гимнастикадан Жапония құрамасының капитаны Секо Мията Париждегі Олимпиада ойындарына қатыспайтын болды. Ол заң мен команда ережесін ескермей темекі шеккені үшін ұлттық құрамадан шеттетілді. 

БӨЛІСУ

Kyodo басылымы хабарлағандай, 19 жастағы гимнасшы Монакодағы оқу-жаттығу кезінде темекі шегіп ұсталған. Келер күні команданың ашық жаттығуына қатыспаған. Кейіннен құрамадан шеттетіліп, еліне қайтарылғаны хабарланды. 

Жапонияда заң бойынша 20 жасқа толмағандарға алкоголь ішу мен темекі шегуге тыйым салынған. Ал бұл заң ұлттық құрама спортшылары өзге елде жүргенде де күшінде болады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gymnastics Now (@gymnastics__now)

Секо Мията 2022 жылы әлем чемпионатына алғаш рет қатысып, бөренедегі жаттығу бойынша қола жүлдегер атанған еді. Сол жылғы Азия чемпионатында секіру және еркін жаттығулар бойынша күміс алды, командалық турнирде қола жүлдегер атанған еді.