Олимпиадада қола медаль алған боксшы Назым Қызайбаймен сұқбаттасқан журналист сынға қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналиске сұқбат беріп тұрған Назым Қызайбайдың жылап жібергенін көрген халық журналист спортшыға психологиялық қысым көрсетті деп айыптап жатыр.
Журналистің "қолаға қанағат етесің бе?" деген сұрағына "Әттеген-ай бар. Алтын медаль алғым келген. Енді не болса да, қолаға шүкір етеміз", - деп жауап берген Назым Қызайбай журналиске берген сұқбатының соңында жылап жіберген болатын.
Мұны көрген жанкүйерлер "Тілшілерге сұрақ қоюды үйрету керек!", "Ұтылып келе жатқан адамға сұрақ қою дұрыс емес секілді. Сұрақтары да қисық", "Үйде көңіл-күйің жоқ кезде біреу бірдеңе десе ашуланасың, мына жағдайда тіпті керек емес шынымен", "Не сұрақ қолаға шүкір етесің бе деген? Қаншама жыл қола үшін дайындалмады ғой", "Не сұрақ мынау енді? Өзінің іші алай-дүлей боп тұрған спортшының эмоциясын шығарудың не қажеті бар? Әрбір спортшы алтын үшін баратыны түсінікті ғой", "Журналист дұрыс сұрақ қойып тұрған жоқ. Сауатты сұрақ қою керек еді, сөздің басын қола медальмен құттықтаймыз, барша қазақ сені қолдайды деп жігерлендіру қажет еді, өзі әрең тұрған боксшы қызымызды жылатып жіберді, сауатты сұрақ қойып үйренсек, құрметті журналисттер!" деп пікір жазып жатыр желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!