Сметовтің алтын медалінің құны қанша екені белгілі болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Жансая Қадыржанова>
Сметовтің алтын медалінің құны қанша екені белгілі болды
Фото ©️ instagram.com/olympickz

offside.kz 31 жастағы қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париждегі Олимпиадада жеңіп алған алтын медальдің құны қанша екенін есептеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Олимпиада медалінің салмағы - 529 грамм, бірақ 95,4 пайызы күмістен тұрады, алты грамы - таза алтын. Алтынның қазіргі бағасына қарасақ, медальдің құны шамамен 950 доллар немесе 450 мың теңге болады.

Егер медаль толығымен алтыннан жасалған болса, оның құны шамамен 41 мың доллар болатын еді. Соңғы рет таза алтыннан жасалған медаль 1912 жылы Стокгольмде өткен Олимпиадада табысталды.

Еске салайық, бұған дейін Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанғаны хабарланды. Отандасымыз финалда француз дзюдошысы Лука Мхеидзеден айласын асырды. 

Елдос қарсыласын негізгі уақытта-ақ жеңіп шықты. Белдесу аяқталуға бір минут қалғанда вазарри әдісін сәтті орындады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!