Бокстан Париж Олимпиадасында Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларының көшбасшылары кездеседі. 51 килоға дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов жұдырықтасатын болады.
Ширек финалдағы жекпе-жек 3 тамыз күні өтеді. Қазақстан уақытымен сағат 00:20-ға жоспарланған. Кездесуді қазақстандықтар тікелей эфирде тамашалай алады.
Айта кетейік, 2023 жылдың күзінде өткен Ханчжоудағы (Қытай) Азия ойындарында Хасанбой Сәкенді жеңіп кеткен болатын. Өзара кездесулер саны бойынша 2:1 нәтижесімен өзбек боксшысы алда.
Сәкен Бибосынов 2021 жылғы әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. Ал Хасанбой болса 2023 жылғы әлем чемпионы және Токио Олимпиадасының жеңімпазы.
Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасына толық құрамда аттанды. Алайда Асланбек Шымбергенов, Қамшыбек Қоңқабаев пен Махмұд Сабырхан жарысты алғашқы жекпе-жегінде аяқтады.