Бүгін, 3 тамыз күні Париж Олимпиадасында дзюдодан аралас командалар сайысы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БӨЛІСУ
Қазақстан құрамасы жарысты 1/8 финалдан бастады. Алғашқы айналымда дзюдошылар Бразилияға 5:2 есебімен жол берді.
Төменде әр белдесу бойынша нәтиже көрсетілген:
- 57 келі: Әбиба Әбужақынова - Рафаэла Сильва (жеңіліс);
- 73 келі: Данияр Шамшаев - Даниэль Каргнин (жеңіс);
- 70 келі: Эсмигуль Куюлова - Кетлейн Куадрос (жеңіліс);
- 90 келі: Абылайхан Жұбаназр - Рафаэль Мачедо (жеңіс);
- 70 келі: Камила Берликаш - Беатрис Соуза (жеңіліс);
- +90 келі: Нұрлыхан Шархан - Леонардо Гонсальвес (жеңіліс).
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!