Париж Олимпиадасы: ертең қазақстандық атлеттер сынға түседі

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Париж Олимпиадасы: ертең қазақстандық атлеттер сынға түседі

Ертең Париж Олимпиадасында алғашқы қазақстандық атлеттер сынға түседі , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Алғаш болып садақ ату шеберлері жарыс жолына шығады.

Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко іріктеу кезеңіне қатысады.

Еске салайық, бұған дейін Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова қай күні Олимпиада жүлдесіне таласатынын жазған едік.

Татамидегі дзюдо бәсекелері 27 шілде күні басталады. Дәл осы күні Қазақстан құрамасы сапында Елдос Сметов (60 келі) пен Әбиба Әбужақынова (48 келі) жүлде жолындағы күресін бастайды.

Қазақстан уақытымен сағат 13:00-де басталады. Тікелей эфирде Qazaqstan ұлттық арнасы хабар таратады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!