Олимпиадада елдің намысын қорғап, медаль алған спортшыларға әр елде әртүрлі құрмет, сый-сыяпат көрсетіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олимпиадаға қатысып, жүлде алған спортшыға ешқандай сыйақы бермейтін елдер де бар екен. Оның бірі - Норвегия. Qumash ақпараттық агенттігі қай елдің чемпионға қанша ақы беретінін жазған. Норвегияда чемпиондарға ешқандай қосымша ақы төленбейтінін білген оқырмандар әзіл-шыны аралас түрлі пікір жазып жатыр.
"Норвегия: қатыссаңдар, өздерің үшін қатысасыңдар!", "Норвегиялық спортшы: Мен бұл үшін бірдеңе аламын ба?
- Жоқ, сіз бұл үшін сіз ештеңе алмайсыз, тек шексіз құрмет. - Жалауша? Тым болмаса бір қалам? Карта?
-Жоқ.
- Жеңілдік те жоқ па?
-Жоқ", - деп пікір жазып жатыр желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!