Олимпиададағы бокс кестесі жарияланды. Қазақтар қашан жұдырықтасады?

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Олимпиададағы бокс кестесі жарияланды. Қазақтар қашан жұдырықтасады?
Фото ©️ olympic.kz

Төрт күннен кейін төрткүл дүние көз тіккен XXXIII жазғы Олимпиада ойындары басталады. Қазақстандық жанкүйерлер асыға күтетін бокс бәсекелерінің кестесі жарияланып үлгерді. 

БӨЛІСУ

Париж Олимпиадасына бокстан ерлер құрамасы толық құрамда қатысады. Ал әйелдер құрамасы 3 салмақта жүлдеге таласады. 

2024 жылғы Олимпиада ойындарында бокстан алдын ала жарыс кестесі:

27 шілде

1/16 финал

63,5 кило (ерлер) - Мұхаммедсабыр Базарбайұлы

28 шілде
1/16 финал

57 кило (ерлер) – Махмұд Сабырхан;
71 кило (ерлер) - Асланбек Шымбергенов;
50 кило (әйелдер) - Назым Қызайбай;
92 кило (ерлер) - Айбек Оралбай.

29 шілде
1/8 финал

63,5 кило (ерлер) - Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (өтсе);
+92 кило (ерлер) - Қамшыбек Қоңқабаев

30 шілде
1/16 финал

57 кило (әйелдер) - Карина Ибрагимова.

1/8 финал

51 кило (ерлер) - Сәкен Бибосынов;
80 кило (ерлер) - Нұрбек Оралбай.

31 шілде
1/8 финал

57 кило (ерлер) - Махмұд Сабырхан (өтсе);
71 кило (ерлер) - Асланбек Шымбергенов (өтсе);
75 кило (әйелдер) - Валентина Хальзова.

1 тамыз
1/8 финал

50 кило (әйелдер) - Назым Қызайбай (өтсе).

Бұдан кейін келесі кезең жекпе-жектері басталады.