Олимпиада финалына шыққан үнділік балуан қыз жүлдесіз қалды. Неге?

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Олимпиада финалына шыққан үнділік балуан қыз жүлдесіз қалды. Неге?
Фото ©️ tosshub.com

Париждегі Олимпиада ойындарының финалына шыққан үнді қызы Винеш Пхогат жарыстан шеттетіліп, жүлдеден қағылды. Ол финалдық белдесуге дейін салмақ тастап үлгермеген. 

БӨЛІСУ

Винеш Пхогат бүгін 50 килоға дейінгі салмақта финалда америкалық Сара Хильдебрандтпен күресуі керек болған. Алайда бір күн ішінде спортшы 2 кило салмақ қуып үлгермеген. Кардио және өзге де жаттығуларды белсенді жасағанмен, балуан салмағын 50,1 килодан төмендете алмаған. Өз салмағынан 100 г асып кеткен. Нәтижесінде спортшы жарыстан шеттетіліп, жүлделі орынға ілікпейтін болды. 

Салмақ қуып әлсіреген спортшы есінен де танған. Ол Париждегі ауруханалардың біріне жатқызылды. 

Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди спортшыны демеп, X әлеуметтік желісінде "чемпиондар арасындағы чемпион" деп қолдау білдірді.