Нұрлыхан Шархан Олимпиадада екі дүркін Еуропа чемпионын жеңді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Нұрлыхан Шархан Олимпиадада екі дүркін Еуропа чемпионын жеңді
Фото ©️ Сали Сабиров

Қазақстандық дзюдошы Нұрлыхан Шархан Париждегі Олимпиада ойындарын сәтті бастады. Отандасымыз бірінші белдесуінде бельгиялық Тома Никифоровтан басым болып шықты. 

БӨЛІСУ

100 килоға дейінгі салмақта өткен белдесуде отандасымыз белсенді күресті. Нәтижесінде қарсыласы үш рет ескерту алып, шидо саны бойынша Нұрлыхан жеңіске жетті. 

Бельгиялық әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Еуропа чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы атанған.

Отандасымыз 1/8 финалда өзбекстандық Музаффарбек Туробовқа қарсы шығады.