Назым Қызайбай бокстан команда қоржынына кемі екінші қола жүлдені салды

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Назым Қызайбай бокстан команда қоржынына кемі екінші қола жүлдені салды
Фото ©️ Туризм және спорт министрлігі

Боксшымыз Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының ширек финалында Ингрит Лорена Валенсия Викторияны (Колумбия) сенімді ұтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Төрешілер есебі: 4-1.

Қуанышымызға орай, Назым бокстан команда қоржынына кемі екінші қола жүлдені салды. Енді Назым финалға берілер жолдаманы сарапқа салады.

Айта кетейік, Назым Парижде алғаш рет Олимпиадаға қатысты. Осыған дейін 2 рет Азия чемпионатында топ жарып, Азия чемпионы атанған.

Ал Ингрит Лорена - Рио Олимпиадасының қола жүлдегері. Осымен 3-рет Олимпиадаға қатысып тұр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!