Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БӨЛІСУ
Ермек Маржықпаев ел спортшыларының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берді;
лицензиялық турнирлердің қорытындысы жөнінде баяндады:
- төрт жылдықтың басты додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген;
- Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.
- ұлттық құраманың Олимпиадаға дейінгі оқу-жаттығу жиындары мен спортшыларды қолдау шаралары туралы айтты;
- спортты басқару институттарын жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың есебін берді.
Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!