Қызылорда әкімі Олимпиадаға баратын боксшыға пәтер сыйлады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қызылорда әкімі Олимпиадаға баратын боксшыға пәтер сыйлады

Париждегі Олимпиада ойындары алдында боксшылар үлкен сый-құрметке бөленуде. Жуырда ғана Қазақстан бокс федерациясы соңғы болып жолдама алған Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Назым Қызайбай мен Валентина Хальзоваға 10 млн теңгеден сыйлаған еді.

БӨЛІСУ

Кеше Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа екі бөлмелі пәтер сыйлады.

Еске салсақ, Қамшыбек Ханчжоу (Қытай) қаласында өткен ХІХ Жазғы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанып, Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді. Аймақ басшысы боксшының дайындық барысы туралы сұрап, алдағы дүбірлі додадан жеңіспен оралуына тілектестік білдірді.