Қытай құрамасындағы қазақ боксшы Олимпиаданы ерте аяқтады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қытай құрамасындағы қазақ боксшы Олимпиаданы ерте аяқтады
Фото ©️ IBA

Қытай құрамасындағы тегі қазақ боксшы Тоқтарбек Таңатқан Олимпиаданы ерте аяқтады. Ол бірінші жекпе-жегінде Доминикан Республикасынан келген Кристиан Хавьер Пиналеске есе жіберді.

БӨЛІСУ

Жекпе-жектің бірінші раундында төрешілер Тоқтарбектің қарсыласына басымдық берді. Екінші раундта Кристиан Хавьер Пиналес нокдаун алды. Бұл Қытайдан келген боксшыға басымдық алып келген. Алайда үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер Тоқтарбектің қарсыласын жеңімпаз деп таныды. 

Тоқтарбек бақ сынаған 80 килоға дейінгі салмақта отандасымыз Нұрбек Оралбай бар. 2023 жылғы әлем чемпионатының финалында екеуі жұдырықтасқан еді. 

Нұрбек бүгін кеште (19:18) аустралиялық Каллум Петерспен қолғап түйістіреді.