Қазіргі бессайыс: Елена Потапенко іріктеуді 27-орында бастады

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Қазіргі бессайыс: Елена Потапенко іріктеуді 27-орында бастады
Фото ©️ olympic.kz

Париж Олимпиадасында қазіргі бессайыстан әйелдер арасында семсерлесуден іріктеу өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Отандасымыз Елена Потапенко 200 ұпай жинап, 27-сатыға тұрақтады. Бұл сайыста спортшымыз 15 рет қарсыласынан басым түсті. Ертең қазақстандық спортшы жартылай финалда А тобында өнер көрсетеді. Олар 200 метрге еркін әдіспен жүзуде кім мықтыны анықтайды.

Үшінші жарыс - конкур.

Шешуші жарыста атлеттер жүгіру кезінде лазерлі тапаншамен нысана көздейді.

Айта кетейік, спорттың бұл түрінде барлығы 72 спортшы (36 еркек, 36 әйел) жүлдеге таласады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!