Қазақстандық спортшы Олимпиадада жарыс жолынан шеттетілді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық спортшы Олимпиадада жарыс жолынан шеттетілді
Фото ©️ olympic.kz

Қазақстандық жеңіл атлет Давид Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруде фальстарт жасап, жарыстан шеттетілді, – деп хабарлайды msports.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Бүгін жарыс жолына шыққан отандасымыз жұбаныш сайысының мүмкіндігін пайдалана алмады. Жүгіру алдында қателікке бой алдырып, қатысушылар қатарынан шығып қалды. Бұған дейін Давид негізгі іріктеуде жартылай финалға шыға алмаған еді. 

6 тамызда, яғни бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін мына сілтемені басып қарай аласыздар. 

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар. Жалпыкомандалық есепте 30-орында тұр.