Қазақстандық спортшы Олимпиада рекордын жаңартқан сында ширек финалға шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық спортшы Олимпиада рекордын жаңартқан сында ширек финалға шықты
Фото ©️ Сали Сабиров

Бүгін Парижде құзға өрмелеуден Олимпиада ойындары басталды. Отандасымыз Әмір Маймұратов іріктеу кезеңінде Олимпиада рекордын жаңартты. 

БӨЛІСУ

Қазақстандық құзға өрмелеуші биіктікті 4,89 секундта бағындырды. Бұл Париждегі Олимпиада ойындарында құзға өрмелеуден алғашқы рекорд болды. Алайда қазақстандық спортшы нәтижесінен кейін бұл нәтиже тағы екі рет жаңарды. 

Соңғы болып әлем және Олимпиада рекордын америкалық Сэм Уотсон жаңартты. Ол биіктікке 4,75 секундта өрмелеп шықты. 

Ширек финалдағы кезең 8 тамыз күні басталады. Отандасымыз 1/4 финалда ирандық Әлипур Резамен сайысады.