Қазақстандық мергендер Париж Олимпиадасының қола жүлдесіне таласады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақстандық мергендер Париж Олимпиадасының қола жүлдесіне таласады
Фото ©️ olympic.kz

Нысана көздеуден Қазақстан командасы Париж  Олимпиадасының  іріктеу сынында сәтті өнер көрсетті. Отандастарымыз қола медальға таласады.

БӨЛІСУ

Пневматикалық  винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле бақ сынап жатыр. Олар іріктеуде үшінші орыннан көрінді.  

Финалдық кезеңде қазақстандықтар қола медальға таласады. Біздің команданың қарсыласы – Германия құрамасы.

Алтын медаль үшін Қытай мен Оңтүстік Корея мергендері таласады. 

Ал Константин Малиновский мен Арина Алтухова 27-орыннан көрінді.