Қазақстандық жеңілатлеттер Матвеева мен Дубовицкая Олимпиада ойындарын аяқтады

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Қазақстандық жеңілатлеттер Матвеева мен Дубовицкая Олимпиада ойындарын аяқтады
Фото ©️ olympic.kz

Қазақстандық жеңіл атлеттер Елизавета Матвеева мен Надежда Дубовицкая Олимпиада ойындарын аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Олар биіктікке секіруден іріктеу сынына қатысқан болатын. Финалға өту үшін оларға алғашқы 12 спортшының қатарынан көріну керек болды (197 сантиметрді бағындыру немесе одан да жоғары орыннан көріну). 

Дубовицкая 183 сантиметрге секірді (ол 188 сантиметрді бағындыраа алмады). 

Матвеева 188 сантиметрді бағындырған, алайда, үш мүмкіндігінде де 192 сантиметрді еңсере алмады. 

Іріктеу қорытындысы бойыншаа Надежда Дубовицкая 28, Елизавета Матвеева 19-орында. 

Олар финалға жолдама алған 12 спортшының қатарына қосыла алмады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!