Бүгін, 7 шілдеде әйелдер арасында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Олимпиаданың финалы өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БӨЛІСУ
Бұл бәсекеде Қазақстан атынан Нора Джеруто сынға түсті.
Ол мәреге тоғызыншы боп келіп, жүлде ала алмады. Нораның нәтижесі - 9:08.97.
Алтын медальді Олимпиада рекордын орнатып, Бахрейн өкілі Винфрид Яви жеңіп алды - 08:52.76. Екінші орын Перут Чемутайға (Уганда) бұйырды - 08:53.34. Үздік үштікті кениялық Фэйт Чериточ түйіндеді - 08:55.15.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз