Қазақ боксшылары алтын алмай ма? – Sports Illustrated таңғаларлық болжам жасады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қазақ боксшылары алтын алмай ма? – Sports Illustrated таңғаларлық болжам жасады

АҚШ-тың Sports Illustrated спорттық басылымы Париж Олимпиадасы ойындарына толыққанды болжам жасады. Олар барлық спорт түрінен жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтаған. Бір қызығы, бокста Қазақстан құрамасына екі қола медаль ғана бұйырады деп болжаған. 

БӨЛІСУ

Ерлер, 51 кило

Бұл салмақта Қазақстан атынан Сәкен Бибосынов қатысады. Фаворит боксшылардың бірі деп айтуға толық негіз бар. Қарсыластары да осал емес. Олимпиада, әлем чемпионаты мен халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген боксшылар. Америкалық басылым бұл салмақта өзбек боксшысы Хасанбой Дусматов топ жарады деп болжайды. 

Sports Illustrated болжамы: 

Алтын: Хасанбой Дусматов (Өзбекстан)
Күміс: Билял Беннама (Франция)
Қола: Патрик Чинемба (Замбия), Джуниор Алькантара (Доминикан Республикасы)

57 кило

Америкалық басылым бұл салмақта өзбек боксшысы топ жаратынын болжаған. Біздің Махмұд та Париж Олимпиадасындағы басты фавориттер қатарына енеді. 2023 жылы Ташкентте  54 ило салмақта топ жарған ол араға көп уақыт салмай, олимпиадалық салмаққа өтті. Жаңа салмаққа бейімделіп, үздіктер көшіне ілесті. Өзінің басты арманы – Олимпиада алтыны үшін айқасады. 

Sports Illustrated болжамы: 

Алтын: Абдумалик Халоков (Өзбекстан)
Күміс: Сайдель Орта Родригес (Куба)
Қола: Мұнарек Сейтбек улы (Қырғызстан), Джамал Харви (АҚШ)

63,5 кило

Бұл салмақта Олимпиадаға жолдама алу оңай болмады. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы соңғы жарысындағы соңғы мүмкіндігін пайдаланып барып, лицензияға қол жеткізді. Боксшыны Парижде де оңай жол күтіп тұрған жоқ. 

Sports Illustrated болжамы: 

Алтын: Софиян Умиа (Франция)
Күміс: Эрисланди Альварес (Куба)
Қола: Радослав Росенов (Болгария), Уатт Сэнфорд (Канада)

71 кило

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов алғашқы Олимпиадасына қатысады. Қазақстандық боксшы іріктеуден іркілген жоқ. Ол Италияда өткен алғашқы іріктеу додасында жолдамаға қол жеткізді. Бұл салмақтағы фавориттің бірі – Шымбергенов. Енді оған өміріндегі ең биік белесті бағындыру ғана қалды. Америкалық басылым болса, оған қола медальды ғана қиыпты. 

Sports Illustrated болжамы: 

Алтын: Севон Окадзава (Жапония)
Күміс: Асадхужа  Муйдинхужаев (Өзбекстан)
Қола: Асланбек Шымбергенов (Қазақстан), Марко Верде (Мексика)

80 кило

Боксшы Нұрбек Оралбай өз мансабында тұңғыш рет Олимпиадада бақ сынайды. Парижде ол 80 кило салмақтың кіл мықтыларымен күш сынасады. Жазғы ойындарға Нұрбек әлем чемпионы статусында қатысады. Ташкентте ол топ жарған еді. Енді Олимп шыңын бағындыру қалды. 

Sports Illustrated болжамы: 

Алтын: Арлен Лопес (Куба)
Күміс: Вандерлей Перрейра (Бразилия)
Қола: Тоқтарбек Таңатқан (Қытай), Морено Фендеро (Франция)

92 кило

Боксшы Айбек Оралбай Париж Олимпиадасында 92 келі салмақ дәрежесінде сынға түседі. Жасөспірімдер  арасындағы Олимпиада чемпионына тағы бір Олимп шыңын бағындыру бұйырсын деп тілейміз. Қарсыластары нағыз қарымды боксшылар. 

Sports Illustrated болжамы: 

Алтын: Хулио Сезар Ла Крус (Куба)
Күміс: Азиз Аббес Мухийдин (Италия)
Қола: Лазизбек Мулложанов (Өзбекстан), Кено Мачадо (Бразилия)

+92 кило

Боксшы  Қамшыбек Қоңқабаев  өз мансабындағы екінші Олимпиадасына қатысады. Ол Токио ойындарында қола жүлде иеленген болатын. Оның ендігі мақсаты – өз нәтижесін жақсарту. Алайда америкалық басылым оны жүлдегерлер қатарына қоспаған. 

Sports Illustrated болжамы: 

Алтын:Баходир Жалолов (Өзбекстан)
Күміс: Аюб Хабфа (Испания)
Қола: Махаммад Абдуллаев (Әзербайжан), Давид Чалоян (Армения) 

Әйелдер, 50 кило

Бүгінге дейін әлем чемпионатын екі рет ұтқан боксшы қызымыз Назым Қызайбай алғаш рет Олимпиадаға қатысады. Жүлделі орыннан көрініп, тіпті чемпион атанып жатса, бұл оның әлем чемпионатынан асып түскен үлкен жетістігі болмақ. 

Sports Illustrated болжамы: 

Алтын: Наз Чакироглу (Түркия)
Күміс: Ву Ю (Қытай)
Қола: Никхат Зарен (Үндістан), Джиордана Соррентино (Италия)

57 кило

Бұл салмақта Карина Ибрагимова бақ сынайды. Ол Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында лицензия жеңіп алған болатын. Қарсыластары да осал емес. Дегенмен Карина фавориттер қатарында. Америкалық басылым оны кемі қола медаль еншілейді деп болжаған. 

Sports Illustrated болжамы: 

Алтын: Ирма Теста Италия)
Күміс: Светлана Станева (Болгария)
Қола: Есра Йылдыз (Түркия), Карина Ибрагимова (Қазақстан)

75 кило

69 килоға дейінгі салмақта 2016 жылы әлем чемпионы болған Валентина да алғашқы Олимпиадасына қатысады. Соңғы іріктеу жарыста ол қарсыластарына бірде-бір раунд жеңілмей лицензия жеңіп алған болатын. Алайда америкалық басылым оны жүлдегерлер қатарына қоспады. 

Sports Illustrated болжамы: 

Алтын: Таммара Тебаулт (Канада)
Күміс: Атейна Байлон (Панама)
Қола: ради Грамман (Мозамбик), Ли Кюан (Қытай)

Бокстан Олимпиада ойындарының жеребесі бүгін тартылады.