Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиададағы бірінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиададағы бірінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Қоңқабаев 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, испаниялық Айюб Гадфа Дриссиге есе жіберді. 

Алғашқы раундта Қамшыбек  3:2 есебімен алға шыққан. Екінші кезеңде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қарсыласқа берді. 

Ал соңғы, шешуші раундта жеңіс қазақ боксшысына берілгенімен, жалпы жекпе-жекте жеңіс испандық боксшының еншісінде кетті. 

Осылайша, Дрисси ширек финалға өтті. Бұған дейін қазақстандық Асланбек Шымбергенов жарысты аяқтаған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!