Париждегі Олимпиада ойындарында тағы да дау шықты. Италиялық боксшы қыз Анжела Карини алжирлік Иман Хелифпен жұдырықтасудан бас тартты.
Жекпе-жек басталғанына 40 секунд өтпей-ақ алжирлік боксшы бірнеше жойқын соққы жасап үлгерді. Бұдан кейін қарсыласынан сескеніп шыққан Анжела бірден қолын көтеріп, жұдырықтасуды тоқтататынын мәлімдеді. "Бұл, әділетсіздік!" деп айқайлап, қарсыласының қолын алмады. Оған себеп – қарсыласының жынысын ауыстырған ер адам болуы деген күдігі. Себебі оның сараптамасында тестостерон деңгейі жоғары болған.
Иман Хелифтің сараптамасында тестостерон көп болса да, ХОК оның Олимпиадаға қатысуына рұқсат берген еді. Ал 2023 жылы Иман Хелифи әлем чемпионатынан шеттетілген болатын. Ол кезде IBA қатысуына рұқсат бермеген еді.
Анжела болса адуынды қарсыласымен жұдырықтасу денсаулығына қауіпті екенін айтпай аңғарғандай...