66 килоға дейінгі салмақтағы қазақ дзюдошысы Ғұсман Қырғызбаев Париждегі Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты. Отандасымыз ширек финалда француз спортшысы Валид Хьярды жеңіп шықты.
БӨЛІСУ
Екі спортшы белдесуді ширақ бастады. Валид белсенділік танытты. Ғұсман екі ескерту алды. Белдесу аяқталуға 7 секунда қалған тұста отандасымыз таза иппонмен жеңіске жетті.
Жартылай финалда Ғұсман бразилиялық Виллиан Лимамен белдеседі. Финалдық белдесулер 19:00-де басталады.
Ғұсман бірінші белдесуінде испан спортшысы Давид Гарсиа Торнені жарыс жолынан шығарды. Одан кейін екі бірдей Олимпиадада жүлде алған Ан Ба Ульдан басым болды.