Екінші жеңіс! Назым Қызайбай Олимпиаданың ширек финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Екінші жеңіс! Назым Қызайбай Олимпиаданың ширек финалына шықты
Фото ©️ Сали Сабиров

Қазақстандық боксшы қыз Назым Қызайбай Париждегі Олимпиада ойындарында екінші жекпе-жегін өткізді. Отандасымыз ширек финалға шығар жолда бразилиялық қарсыласынан басым болды. 

БӨЛІСУ

50 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасқан Назым Қызайбай Каролин Барбоза де Алмейданы айқын жеңіп шықты. Бірінші раундта барлық төреші дауысына ие болды. Екінші раундты да белсенді өткізіп, қарсыласына мықтылығын мойындатты. Үшінші раундты да сәтті өткізген отандасымыз, Олимпиаданың ширек финалына шықты. 

Назым ширек финалда колумбиялық Ингрит Валенсиямен жұдырықтасады.

Жекпе-жек жақсы өтті. Әр кездесуге жақсылап дайындаламын. Өйткені Олимпиадаға осал қарсылас келмейді. Келесі кезеңде колумбиялық қызбен жұдырықтасамын. Онымен бұрын кездескенмін. Әлем чемпионатында жеңілген едім, осы жолы барымды салатын боламын, - деді Назым жекпе-жек соңынан. 

Айта кетейік, Назым бірінші жекпе-жегінде италиялық Джордана Соррентиноны жеңіп шыққан еді.