Дзюдошылар Олимпиада алдындағы соңғы жаттығу жиынын өткізіп жатыр

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Дзюдошылар Олимпиада алдындағы соңғы жаттығу жиынын өткізіп жатыр
Фото ©️ olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Францияда Олимпиада алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр – деп хабарлайды ҚР ҰОК. 

БӨЛІСУ

Қазіргі таңда дзюдошылар Францияның Мез қаласында арнайы бағдарлама бойынша Олимпиадаға дайындықтарын пысықтауда. 

Отандық дзюдошылар арасынан алғаш болып Абиба Әбужақынова (48 кило) мен Елдос Сметов (60 кило) татамиге шығады.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Жазғы ойындарға Қазақстан сапынан спорттың 25 түрінен 80 атлет қатысады.