Данияр Шамшаев бірінші белдесуінде ойламаған жерден жеңілді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Данияр Шамшаев бірінші белдесуінде ойламаған жерден жеңілді
Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

73 килоға дейінгі салмақта бақ сынайтын қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев жарысты бірінші белдесуінде-ақ аяқтады. Ол өзбек балуаны Мулоджан Юлдошовтан айласын асыра алмады. 

БӨЛІСУ

Татамидегі белдесу тең дәрежеде өтті. Алайда төрешілер тарапынан екі ескерту алған Данияр голден скорды күтті. Екеуі де жеңімпазды голден скорда анықтауға бел буғандай болған. Мұны байқаған төреші екеуіне де шидо берді. Нәтижесінде 3 шидо алған Данияр алғашқы Олимпиадасын алғашқы белдесуінде аяқтады.

Данияр өз салмағында аралас жарыста жүлдеге таласатын болады. 

Айта кетейік, бұған дейін қазақ дзюдошылары 1 алтын, 1 қола медаль жеңіп алған болатын.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!