Бокстан Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесі қоржында

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Бокстан Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесі қоржында
Фото ©️ olympic.kz

Боксшымыз Нұрбек Оралбай (80 келі) Париж Олимпиадасының ширек финалда Мурад Аллахвердиевті (Әзірбайжан) тізе бүктіріп, келесі кезеңге шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Төрешілер есебі 5-0.

Демек, отандасымыздың еншісінде кемі қола медаль бар. Енді Нұрбек жартылай финалда Кристиан Хавьер Пиналеспен (Доминикан) күш сынасады.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай - былтыр Ташкентте әлем чемпионы атанған, Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Мурад Еуропа ойындарының қола жүлдегері атанған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!