Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға дайындықты пысықтау үшін соңғы оқу-жаттығу жиынын бастап кетті, – деп хабарлайды ҚР ҰОК.
БӨЛІСУ
Алматы облысында өтетін жиында бапкерлер тактикалық және психологиялық бағытқа басымдық танытуда.
Қазіргі жиында 28 боксшы болса, оның ішінде үш спортшы Олимпиадаға қатысады: Назым Қызайбай, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова.
Тағы бір айта кетерлік жайт, Парижге әр салмақта жәрдемдесетін спортшылар да аттанады.
Спарринг серіктестер:
50 кило. Гүлнар Тұрапбай
57 кило. Жайна Шекербекова
75 кило. Жасмин Қизатова
Әйелдер командасы Францияға 21 шілде күні жолға шығады.