Кениялық желаяқ Элиуд Кипчоге мансабында алғаш рет мәреге жете алмады. Мансабында алғаш рет Олимпиада жүлдесін иелене алмады.
Спортшы мәреге 10 шақырым қалғанда жарыс жолынан шығып қалды. Жүгірген аяқ киімін жанкүйерлердің біріне сыйлай салды.
Элиуд Кипчоге әлемдегі ең атақты марафоншылардың бірі. 2016 және 2020 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Алғаш рет Олимпиадаға 2004 жылы 5000 метрге жүгіруден қатысып, қола медаль алған. Кейін алыс қашықтыққа жүгіруді бастаған.
Спортшы қараша айында 40 жасқа толады.
Парижде Олимпиада рекордын жаңартқан эфиоп Тамират Тало чемпион атанды.
1. Тамират Тало (Эфиопия) – 2:06:26
2. Башир Абди (Бельгия) – 2:06.47
3. Бенсон Кипруто (Кения) – 2:07.00
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!