8 тамыздағы жарыс кестесі. Бүгін кімдерден жүлде күтеміз?

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
8 тамыздағы жарыс кестесі. Бүгін кімдерден жүлде күтеміз?
Фото ©️ olympic.kz

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары жалғасады. Бүгін отандастарымыз 6 спорт түрінен жарыс жолына шығады. Қазақстандықтар ойындарды Qazsport, Qazaqstan, "Хабар", "Ел Арна" және Jibek Joly арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады. 

БӨЛІСУ

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль алды. Ал Олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста жеңіп алған еді. Спорттық гимнастикада Нариман Құрбанов тарихи күміс жүлдеге қол жеткізді. Бокстан қыздар арасында Назым Қызайбай қола алды.

Кеше финалда бақ сынаған балуан Демеу Жадыраев пен боксшы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанды.

Бүгін жарыс жолына шығатын спортшыларымызға сәттілік серік болсын.

Көркем гимнастика. Көпсайыс. Іріктеу
13:00, 18:00. Эльжана Таниева

Каноэ есу. Жекелей. 200 м. Іріктеу
13:30. Мария Бровкова

Қазіргі бессайыс. Іріктеу. Семсерлесу
14:00. Георгий Борода-Дудочкин
17:30. Елена Потапенко

Еркін күрес. 1/8 финал
14:30. 86 кг.  Азамат Дәулетбеков – Аарон Брукс
15:00. 57 кг.  Мейрамбек Қартбай – Бекзат Алмаз уулу

Құзға өрмелеу. Ширек финал
15:41.  Амир Маймұратов – Реза Әлипур

Жұптық каноэ есу. 500 м. 
16:20. Сергей Емельянов, Тимур Хайдаров.